Оның айтуынша, Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің, Көлік және коммуникация академиясының, Спорт және туризм академиясының, Гуманитарлық әділет университетінің, Халықаралық қатынас және араб тілдері Университетінің, сондай-ақ, Бас сәулет-құрылыс академиясының акцияларының бақылау пакеті сатылды.
«Жекешелендіруге ешкім де қарсы емес, бірақ ол жариялы түрде ашық өткізілуі тиіс. Жоғары оқу орындарына инвестиция салған кім екенін әркім білуге тиіс»,- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, Г.Марченко «жекешелендіруге аталмыш жоғары оқу орындарының ректорлары араласқан жоқ » деген дерекке күдік кетірді.
Осыған байланысты ҚР қаржы министрлігіне «бұл мәселенің анық-қанығына барып, инвестордың кім екенін анықтау туралы» тапсырма берілді деді ол.