Алматыдағы жетекші алты экономикалық жоғары оқу орындары акциясының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жетекші алты экономикалық жоғары оқу  орындары акциясының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге сатылды

Алматыдағы жетекші алты экономикалық жоғары оқу орындары акциясының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге сатылды

Алматыдағы экономикалық бағытта білім беретін жетекші алты жоғары оқу орны акцияларының бақылау пакеті 2003-жылдың аяғында 1,257 млрд. теңгеге (90 млн. доллар) сатылды. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

  • 11 Ақпан 2004
  • 449
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің, Көлік және коммуникация академиясының, Спорт және туризм академиясының, Гуманитарлық әділет университетінің, Халықаралық қатынас және араб тілдері Университетінің, сондай-ақ, Бас сәулет-құрылыс академиясының акцияларының бақылау пакеті сатылды.

«Жекешелендіруге ешкім де қарсы емес, бірақ ол жариялы түрде ашық өткізілуі тиіс. Жоғары оқу орындарына инвестиция салған кім екенін әркім білуге тиіс»,- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, Г.Марченко «жекешелендіруге аталмыш жоғары оқу орындарының ректорлары араласқан жоқ » деген дерекке күдік кетірді.
Осыған байланысты ҚР қаржы министрлігіне «бұл мәселенің анық-қанығына барып, инвестордың кім екенін анықтау туралы» тапсырма берілді деді ол.

Соңғы жаңалықтар