Алматыдан 305 шақырым жерде Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясы желісі 21 қаңтарда 12 сағат 31 минут 36 секунд жер сілкінісі тіркеді. Жерсілкінісі ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығыста, Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы — 9,0, магнитудасы — 4,1 MPV. Тереңдігі — 25 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет жоқ.