Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.67
  • 592.46
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады

Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады

Ол 20 сәуірде іске қосылады

  • 29 Қаңтар
  • 2
ФОТО: Официальный телеграм-канал Air Astana

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтары арқылы орындалады. Осылайша елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.

Айта кетері, қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.