Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрмыстық қатты қалдықтар айналымында заңды жүйелі түрде өрескел бұзағандардың әрекеті әшкереленді. Ең алдымен бұл — қолданыстағы полигондар мен санитарлық және экологиялық талапқа сай орындардың жоқтығы, санкцияланбаған көп қоқыс.
"Мысалы, Қарасай ауданында шаруа қожалықтарының аумағында белгісіз біреулер Алматы қаласындағы кәсіпорыннан деп полигон ұйымдастырып, ақылы түрде қоқыс қабылдаумен айналысқан. Полигонның аумағы 3 гектар. Заңсыз қоқыс тастағаны үшін 100-ден аса адам сотқа тартылды, 2 сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп хабарлады ведомство өкілдері.