Жарияланды: 350

Алматыдан Ташкентке күн сайын ұшақ қатынайды

Алматыдан Ташкентке күн сайын ұшақ қатынайды

Ұшақтар күніне Қазақстаннан Ташкентке үш рет ұшады

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Өзбекстан авиация әкімшілігінің, сондай-ақ екі елдің авиакомпаниялары арасындағы келіссөздердің нәтижесінде әуе рейстерін көбейту туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Эйр Астана» 2017 жылғы 2 желтоқсаннан Алматы - Ташкент бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін арттырады, яғни енді ұшақтар күнде ұшатын болады. Ал Астана - Ташкент бағытында 3 желтоқсаннан үшеуден 4 рейске көбейтіледі.

Өз кезегінде «Өзбекстан әуе жолдары» авиакомпаниясы дәл осы бағыттардағы рейстерді 4 желтоқсаннан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр, сондай-ақ рейстердің саны да «Эйр Астанамен» бірдей арттырылады.

Енді елдер арасындағы рейстердің саны аптасына 22 рейсті құрайды. Яғни ұшақтар Ташкентке қарай Алматыдан күніне екі рет, ал Астанадан күніне бір рет ұшады.

Алдағы уақытта Қазақстаннан Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара және Үргеніш қалаларына әуе қатынасын ашу жоспарда бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін