“Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді”: Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімінің көңілдесі болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді”: Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімінің көңілдесі болғанын айтты

“Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді”: Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімінің көңілдесі болғанын айтты

Әнші Динара Әлжан Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов үй алу үшін өзіне 70 мың доллар бергенін айтты.

  • 29 Наурыз 2023
  • 8104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Біз Шымкентте отырған кезде Ғабидолла Рахматоллаұлы кіріп келеді. Шымкенттің әкімі. Нөл болып, Шымкентте қонақ үйдің ақшасын төлей алмай тұрған кезде кіріп келеді. Биге шақырды, Қайрат Нұртас ән айтты. Сол кездғ маған: “Сенің көзің неге мұңды? Неге сен сияқты әншіні білмеймін” деді. “Осындай әндерім бар, хит әнім жоқ. Алдағы уақытта жұмыс жасағым келеді” дедім. Сол кезде ол менің қандай қонақ үйде екенімді сұрады. “Шымкент” қонақ үйінде екенімді айттым. Көмекшісіне хабарласып, “Rixos” қонақ үйінен маған вип-номер алып берді. Келесі күні караокеге бардым, өзге де бизнесмендео бар екен. Сосын ол маған 20 мың доллар тұратын сырға сыйлады. Ол сырға “Шым қала” деген бейнебаянымда бар. Сол кезде маған миллион теңге берді”, — деді әнші.

Әнші сондай-ақ экс-әкімнің өзіне 70 мың доллар сыйлағанын айтты.


“Ғабидолла мырза менен “сырыңды аша алмай тұрсың, не жағдай сенде” деп сұрақ қойды. Мен ол кісіге үйсіз қалғанымды айтқан жоқпын. Ол кісі маған Алматыдан үй алу үшін 70 мың доллардай берді. Ол ақшаның жартысына бейнебаян түсіріп, жартысына үй алдым. Анама көмектестім, қызымды қасыма алдым”, — деді әнші Динара Әлжан.

Соңғы жаңалықтар