Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008 жылдың 28- сәуіріндегі №141-ОД санды бұйрығымен бекітілген тариф ставкаларын есептеу әдістемесіне сәйкес, түрліше тариф маусымға байланысты да өзгеріп отырады», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың қазаны мен 2009 жылдың наурызы аралығында жеке тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы 7.00 мен 23.00 аралығында қолданылып, 1 кВт-сағ үшін 12,01 теңгені құрайды. Ал түнгі ставка ( 23.00 мен 7.00 аралығы) 1 кВт-сағ үшін 13% ҚҚС қоса есептегенде 2,64 теңге болмақ.
Заңды тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы (7.00 мен 19.00 аралығында) 1 кВт-сағ үшін 8,29 теңге, электр қуаты ең жоғары деңгейде қолданылатын уақытта (19.00 мен 23.00 аралығында) — 17,43 теңге, түнгі тариф ставкасы (23.00 мен 07.00 аралығында) 13% ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағ үшін 2,34 теңге болмақ.
«Дифференциялы тариф ставкасы электр қуатының біртұтас тарифі өзгерген кезде өзгертіледі», деп хабарлайды мекеме. «Есепті бұрынғыдай біртұтас тарифпен жүргізуге құлықты адамдар үшін тариф ставкасы бұрынғыдай 1 кВт-сағ үшін 8,02 теңге қалпында қалады (ҚҚС қоса есептегенде)», -делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті