"АлматыЭнергоСбыт" Алматының төрт ауданында жарық үзілу себептері туралы ақпарат таратты
Алматы. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС Алматының төрт ауданында жарық үзілу себептері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды агенттік тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 11 қарашасында сағат 18.00- де Алматының Жетісу, Алмалы, Түріксіб және Әуезов аудандарында электр қуаты жартылай үзілді. Жарық қамтамасыздығы сағат 23.10-да толық қалпына келтірілді.
"Жарықтың үзілуіне Орталық Азиядағы тұтынушылардың (Өзбекэнерго) қуатты артық тұтынуынан болып апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы себеп болды",- деп хабарлайды компания.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін