Алматыға әлемнің ең үздік дзюдошылары жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға әлемнің ең үздік дзюдошылары жиналады

Алматыға әлемнің ең үздік дзюдошылары жиналады

Алматыда 14 - 15 қаңтар күндері дзюдодан "Әлемдік шеберлер" (ТОР-16) халықаралық турнирі өтеді.

  • 4 Қаңтар 2012
  • 527
Фото - Caravan.kz

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болатын бұл дүбірлі додаға 40-тан астам елдің спортшылары шақырылып отыр. Халықаралық дзюдо федерациясының қолдауымен биыл 3-рет ұйымдастырылып отырған бұл халықаралық турнирге әлемдік рейтингтің үздіктері ғана қатысады. Онда Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін ұпайлар сарапқа салынады.

Жүлде қоры 200 мың АҚШ долларын құрайтын бұл байрақты бәсекеде жеңімпаз 6000 доллар мен әлемдік рейтингте 400 ұпайға ие болады. Күміс жүлдегер 4000 доллар мен 240 ұпайға, ал қола жүлдегерлер 2000 доллар мен 160 рейтингтік ұпайды өз қоржындарына салады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера