Алматыға арзан бағада 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға арзан бағада 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет келе жатыр

Алматыға арзан бағада 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет келе жатыр

Алматыда ертең ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Соған байланысты қалада жол қозғалысы шектеледі.

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 669
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жәрмеңке кезінде Төле би көшесінің қиылысы, Абылай хан даңғылынан Фурманов көшесіне дейін, Панфилов көшесінің қиылысы, Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. 
Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері алматылықтарға 50-ден астам өнім түрлерін ұсынбақ. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері, жалпы құны 115 млн. теңгенің өнімін базар бағасынан 15-20 пайызға арзан бағада сатып ала алады.
Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қаларынан 280 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінеді.
Айта кету керек, мұндай шаралар қаладағы әлеуметтік тұрғыдан маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар