Алматыға келетін қытайлық туристердің ағыны 7% артты – Бауыржан Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға келетін қытайлық туристердің ағыны 7% артты – Бауыржан Байбек

Алматыға келетін қытайлық туристердің ағыны 7% артты – Бауыржан Байбек

Бір жылдың ішінде Қытай Халық Республикасынан Алматыға келетін туристер ағыны 7% артты. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан мен Қытайдың ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты.

  • 15 Мамыр 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Қала әкімі жиын барысында Алматы қаласының әлеуетіне тоқталып, инвесторлар үшін бар жағдай жасалып жатқанын баяндап өтті.

«Бұдан мың жыл бұрында біздің Қытаймен сауда-саттық байланысымыз тығыз болған еді. Бүгінде жаңа Жібек жолы «Бір белдеу, бір жол» жобасы жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Алматыда 500-дей қытайлық компания жұмыс істейді, олардың үштен бірі бірлескен кәсіпорындар. Тек өткен жылдың өзінде Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 5% артты. Алматының экологиялық таза азық-түліктері, жеміс-жидек, ұн, конфет өнімдерін жеткізу бойынша әлеуеті өте зор», — деді Бауыржан  Байбек.

Сонымен қатар, ол туристерді тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Бір жылдың ішінде Қытай Халық Республикасынан келетін туристер ағыны 7% артты. Бұл 7-8 сағаттық визасыз кіріп-шығу тәртібі бойынша, яғни визалық режимді оңтайландырудың арқасында мүмкін болды. Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты түрде ресми сапарлар болып тұрады. Іскерлік және саяси байланыстар да нығайып келеді. Алматы қашан да ұсыныстарға ашық», —  деді ол. 



Бауыржан Байбек сөз соңында бүгінгі форум екі ел арасындағы сауда, экономикалық, инвестициялық, мәдени, гуманитарлық және ғылыми-зерттеу қарым-қатынастардың нығайта түсетініне сенімді екенін жеткізді. 

Аталған форумға қытайлық кәсіпкерлер мен ҚХР-ның Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар