Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарма мәліметінше, қазір Алматыда «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткілікті деңгейде. Мәселен, 4 транштан – 446, 5 тарнштан – 634, 6 транштан – 2091, 7 транштан – 7152 доза қалған.
«Қала бойынша «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті №4 қалалық емханада, Mega ойын-сауық орталығында, №29 қалалық емханада және өзге де медициналық ұйымдарда бар. Екпе салу орындарында вакцинаның бірі бітіп қалса, науқас басқа вакцина пунктіне жіберіледі»,- деп хабарлады ведомствадан.
Қала бойынша күніне 1200-3000 дейін адам вакцинаның 1 және 2-ші компонентін салдырады. Басым көпшілігі вакцинаның 2-ші компонентін алып жатыр. 2-ші компоненттің қорда тұрған 13 688 дозасы 6-7 күнге ғана жетеді. Медицина орталығының көпшілігінде 30-дан 300-ге дейін ғана доза бар.
«45 серия бойынша сапа және қауіпсіздік сертификаты әкелінді. Сондықтан бүгіннен бастап «Спутник V» вакцинасы екінші компонентінің 36 мың дозасы Алматының екпе орындарына жеткізіледі»,- деп түсіндірді басқармадағылар.