Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сағынтаев бүгінде RAMS Qazaqstan түрік құрылыс компаниясының акционерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қалада олардың екі қонақ үйі бар, олар сол нысандарды коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қолдануды ұсынды. Егер біз келісіп, 1 қазанға дейін лицензия берсек, олар қонақ үйлерді толығымен ауыр техникамен жабдықтап, түрік дрігерлерін шақырады. Кеше келістік, қажет шешім шығады. Қонақ үй базасында 215 орындық ковид клиникасы дайындалады", — деді Бақытжан Сағынтаев.
Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 10 067 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде, 6 мыңнан аса дам аурудан айыққан. Жалпы 73 адам қайтыс болған.