Алматылық ақ жаулықты әжелер Гиннесс рекордын орнатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық ақ жаулықты әжелер Гиннесс рекордын орнатпақшы

Алматылық ақ жаулықты әжелер Гиннесс рекордын орнатпақшы

Сырмақтың ұзындығы 110 метрден асатын болады және оны наурыз мерекесіне дейін аяқтау көзделген

  • 17 Ақпан
  • 5
Фото: 24.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олар әлемдегі ең ұзын сырмақ сырып жатыр.

«Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігі 110 метрден асатын сырмақты наурыз мерекесіне дейін аяқтауды көздейді. Игі бастамаға Алматы облысының ісмер әжелері де қол ұшын созған. 

Әлемдегі ең ұзын сырмақты сыру үшін 100 әже мен киіз болса жеткілікті. Бұл іске атсалысуға ниет білдірген ақжаулықты аналар қолға тебен алып жұмысқа қызу кірісіп кетті. Жоба авторы Жанар Сейілбекованың айтуынша әуелі шағын сырмақтар жасалады. Қазір ондай 50-ден аса құрама дайын. Кейін олар біріктіріліп ортақ сипатқа ие болады.

Жанар Сейілбекова, жоба авторы:

Жылдың төрт мезгілімен байланыстырып: күз, қыс, жаз және көктем мезгілдерімен байланыстыра отырып, оның бетіне қойылған ою-өрнектердің барлығын сәйкестендіріп, түс жағынан болсын, ою жағынан болсын, ою-өрнектің келісімі жағынан барлығын бір-біріне байланыстырып, үйлестіріп отырмыз.

Орта есеппен күніне бір кішкентай сырмақ сырылып жатыр. Енді қалғанын уағында бітіру үшін әу ауданның әжелері кезектесіп жұмыс істеуде. Бүгін шеберханаға Медеу және Наурызбай ауданының әжелері келді. Жобаның мақсаты – ұлттық қолөнерді насихаттау және ұмыт бола бастаған оюларды қайта жаңғырту.

Ләйле Дәулет, «Қазақ аналары» РҚБ Алматы және Алматы облысы бойынша филиалдарының басшысы:

Мысалы, бізде «түйетабан» деген ою бар, сосын «қошқармүйіз» деген бар, «сынық мүйіз»… Сол сияқты мынау гүлге байланысты, құсқа байланысты көптеген-көптеген оюлардың түрі бар. Соның біз халыққа белгілі «түйетабан», «қошқармүйіз» оюларды көбірек алдық.

Әлемдік рекордты жаңартатын үй әбзелі 21 наурызда алматылықтардың назарына ұсынылады. Төрт мезгілді бейнелейтін сырлы сырмақты 100 әже, 160 келін, 100 бойжеткен мен 100 бозбала алып шығады екен. Бұл алматылықтардың алғашқы бастамасы емес. Былтыр 660 құрақшы «Медеуде» алып көрпе тігіп Global Book of Records әлемдік рекордын орнатқан еді.