Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
24 шілде, бейсенбіде сағат 10:00-де «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы аясында қаланың дабыл қағу жүйесі тексеріледі.
«Сіздерден сабыр сақтап, қауіпсіз орындарға баруды сұраймыз», — делінген хабарламада.
Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, әрбір тұрғын алдын ала қауіпсіз орынға баратын эвакуация жолын белгілеп алуға тиіс екені ескертілді.
Қауіпсіз орын ретінде электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар есептеледі.