Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты.

  • 17 Желтоқсан
  • 4
ФОТО: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, қала әкімдігінің басты міндеті – алматылықтардың тұрмыс сапасын жақсарту.

«2025 жылы қалада 92 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 87 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыспен қамтылғандардың 64,7 пайызы шағын және орта бизнес саласына тиесілі, ал 35,3 пайызы әкімдік жүзеге асырып жатқан салалық және инфрақұрылымдық жобалар аясында ашылды, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды Алматы тұрғындарының орташа айлық жалақысы 539 мың теңгені құрағанын хабарлады. Бұл көрсеткіш атаулы түрде 14,5 пайызға өсіп, республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары. Әкім бұл деректер ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жасалғанын атап өтті.

Перейти к новостям спорта