Алматылық әйел азық-түліктің 21 жыл бұрынғы бағалары жазылған дәптерін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық әйел азық-түліктің 21 жыл бұрынғы бағалары жазылған дәптерін жариялады

Алматылық әйел азық-түліктің 21 жыл бұрынғы бағалары жазылған дәптерін жариялады

1990 жылдары елімізде баға қандай болды десе, бірден жауап бере аласыз ба? Сірә, бұл қиын шығар. Өйткені сонау бір алмағайып кезеңде нақты қай заттың қанша тұрғаны тап қазір есіңізге түсе қоймас.

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 1806
Фото - Caravan.kz

Ал Алматы қаласының тұрғыны Евгения Шестакова 1995 жылы тауарлардың бағасын ерінбей дәптерге жазып жүріпті. Соны Фейсбуктегі парақшасына жариялады. "1995 жылы бағалардың қанша болғаны естеріңізде ме? Мен сол кезде жазып жүрген дәптерімді тауып алдым. Бірақ ұзақ уақыт жазбаппын. Мұның қалай сақталғанына таң қалдым" дейді Е.Шестакова. 

Дәптерде негізінен азық-түлік бағалары жазылған. Ол кезде нан 18 теңге, еттің бір келісі 100 теңге болыпты. Сәбіздің келісі — 15, зауыттың сары майы (450 гр) — 115 теңге. Ал киім кешекке келсек, шұлық 40 теңге теп тұр. Шаш қию 150 теңге болыпты.   

Фото Евгении Шестаковой.

Фото Евгении Шестаковой.

Фото Евгении Шестаковой.