Алматылық әйел өзінің әп-әдемі отбасын теріс ағымның кесірінен ойран етіп, онысымен қоймай, балаларын ұрлап әкеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық әйел өзінің әп-әдемі отбасын теріс ағымның кесірінен ойран етіп, онысымен қоймай, балаларын ұрлап әкеткен

Алматылық әйел өзінің әп-әдемі отбасын теріс ағымның кесірінен ойран етіп, онысымен қоймай, балаларын ұрлап әкеткен

Олар расымен сүттей ұйып отырған отбасы еді. Үйленгеннен кейін әп-әдемі екі қызы туылды. Күйеуі жұмыс істеп, әйелі балаларына қарап, жұрт қатарлы өмір сүріп жатқан болатын.

  • 12 Қазан 2017
  • 1107
Фото - Caravan.kz

Бірақ 2014 жылы Лейла (аты өзгертілген) Әзірбайжандағы әке-шешесіне барып келгеннен кейін күрт өзгерді, деп жазады 365info.kz.

Ол күйеуі Әмірге (аты өзгертілген) хиджаб кигісі келетінін айтқан. Әмір бұған келісіп, әйеліне мұсылман киімін алып берген. Ал Лейла мұнымен тоқтамады. Кейін біртүрлі адамдармен араласа бастады. Ол балаларының теледидар көріп, музыка тыңдауына тыйым салды. Өйткені Лейла үшін бұлар харамға айналған еді. Тағы басқа көптеген ақылған қонымсыз тыйымдарды айтқан. Ол тіпті бір күні күйеуіне «Таза Ислам жолына түспесең, сенімен жақындаса алмаймын. Бұл үшін мені тозақта кескілеп тастайды» депті.

Осындай сұмдықтардан кейін Әмір әйелінің теріс ағымның жетегінде кеткенін біледі. Сосын Лейланың әлгі сектадағылармен араласуына тыйым салған. Бірақ келіншегінің «бауырларына» айналып кеткен олар бұларды түртпектеуін қоймайды.

Ал екі ортада қалған Лейла осы жылдың басында отбасынан кетуді жөн санайды. Сөйтіп, теріс ағымдағы «бауырлары» мен «апа-сіңлілерінің» көмегімен үлкен қызын алып кетеді. Ал кішісін Әмір көлігіне отырғызып үлгеріпті. Бірақ кейін оны да балабақшадан ұрлап әкеткен.


Олар сот арқылы ажырасты. Ювеналдық сот жағдайды білген соң қыздарды әкесіне қалдырды. Құқық қорғау органдары діни ұйымның кейбір мүшелерін елден шығарып жіберді. Ал Лейланың өзінің елден шығуына тыйым салынды. Бірақ өткен жазда оның әкесі келіп, Әмірдің келісімінсіз балаларды Әзірбайжанға алып кеткен.

Қазір Әмірдің өмірі тоқтап қалғандай. Әйелі жоқ, балалары алыста, болашағы бұлыңғыр…