Алматылық әйел шарлардың жарылуынан ауруханаға түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық әйел шарлардың жарылуынан ауруханаға түскен

Алматылық әйел шарлардың жарылуынан ауруханаға түскен

30 жасар Алматының тұрғыны Әсел Шашубаева 10 ауа шарының жарылуынан ауруханаға түсті.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 722
Фото - Caravan.kz

Әйелдің туған күнінде отбасы мерекелік сурет түсіріп жатқанда, алдын ала болжам бойынша пропан толтырылған шарлар оның қолында тұрғанда жарылған, деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға 19 қыркүйекте болған. Туған күн иесінің күйеуі Берикбол жолай келе жатып, гүл дүкенінің маңында әйелден шарлар сатып алған.

"Мен жұмыстан қайтып келе жатып, жолда "Тастақтан" гүл қатары тұрған жерде бір әйелден 10 шар алдым. Шар, шамдары бар торт және гүлдер алдым. Үйге келісімен әйеліме ұсындым. Суретке түсер кезде әйелім шарлар да кадрға түссін деп оларды төмен шам жанып тұрған тортқа жақын тартты. Алдымен біреуі жарылды, кейін барлығы. Бәрі бір-екі секундта болды. Жарылыстың күштілігінен көршілер де жүгіріп келді", — дейді ер адам.

Оның айтуынша, шар сатушы гелийдің орнына шарды пропанмен толтырып ақша үнемдемек болған. "Мен полиция шақырдым, біз оны таптық. Ол бірден пропан екенін мойындады. Сырт келбетінен ол шарлардың өзгелерден айырмашылығы жоқ. Тек келесі күні ғана, үйге келіп ийіске мән берсем – пропанның иісін сездім. Мен арнайы барып тұрып, зажигалганы жағып жақындатып едім, ол қаша жөнеліп, қазір жарыламыз деп айқайлады", — дейді Берікбол.


Отбасы әзірге сапасыз шар үшін ол әйелге шағымын түсірген жоқ.

"Мен шағымнан бас тарттым – ол әйел көз жасын төкті, отбасым бар деді… маған оның ақшасы керек емес. Тек олай етуге болмайды. Мен егер ол шарларды жеткізіп беруші – 30 жасар Қарақалпақстаннан келген жігіт туралы айтып берсе, шағым түсірмеймін деп келіскенбіз. Ол жоқ, телефоны да өшірулі. Енді ол жігіт миф па, шын бар ма білмейміз", — дейді ол.

Зардап шегушінің өзін бүгін, 23 қыркүйекте ауруханадан шығады. Әсел беті мен қолынан екінші деңгейлі күйіктер алған. әйел болған жайттың салдарының суреттерін редакциямызға ұсынды.

Соңғы жаңалықтар