Алматылық дәрігердің қателігінен 12 жасар қыздың денесі мен бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық дәрігердің қателігінен 12 жасар қыздың денесі мен бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кетті

Алматылық дәрігердің қателігінен 12 жасар қыздың денесі мен бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кетті

Caravan.kz медиа порталының тілшісіне Алматылық Ақылбек Дүйсенбиев есімді азамат дәрігерлердің салғырттығы туралы айтты.

  • 14 Маусым 2019
  • 5465
Фото - Caravan.kz

Яғни Дүйсенбиев Ақылбектің немересі 12 жастағы Ақылбек Диана инфекциялық ауруханаға түсіп, дәрігерлердің салғырттығынан оны күйік шалған.

Осы жағдайдан кейін 12 жастағы Диананың атасы дәрігерді сотқа берген.

Ақылбек Дүйсенбиев:

— Басында баланың үсті нүкте, нүкте болып үсті қызарып келді. Сол кезде жедел-жәрдем шақырдық. Олар бұл аллергия емес, корь деді. Бірақ біз оларға баланың бұрыннан аллергиясы барын айтқанбыз. Инфекциялық ауруханадағы барлық дәрігерлерге айттық, соған қарамастан олар аллергияға қарсы дәрі құйған. Ол дәрі керісінше аллергияны одан сайын қоздыратын болып шықты. Сол дәріні құйған мейірбике дәрігерлер мені кінәлап, екі ортада мен кінәлі болайын деп тұрмын деді. Дәрігерлер ауру тарихының бәрін ауыстырып тастаған екен. Тек қана журнал қалған екен, оны бізге мейірбике әкеліп берді. Содан қазір ол енді аллергиялық ауруханадана жатыр. Бүгін прокуратураға арыз жаздық, олар істі қараймыз деді. Немеремді осындай жағдайға жеткізген дәрігерлер өз істерін мойындап,істегендері үшін жауап берсе екен деймін.

Дианаға дәрі еккен дәрігердің телефоны өшірулі тұр, ал осы іске қатысы бар медбике оның еш кінәсі жоқ екенін дәрігерлердің оны кінәлі еткісі келіп отырғанын жеткізді.

Ал науқастың қазіргі ауруханадағы дәрігері Гаухар Хасанқызы Ақылбек Диананың қазіргі жағдайын айтып берді.

Гаухар Хасанқызы, дәрігер:

  • Қазір баланың жағдайы жақсы, жақын арада ауруханада шығарамыз. Диананың жағдайындағы балалар бізде болған, сондықтан одан қорқудың еш қажеті жоқ. Жағдайы біраз жақсарып қалды, күйік шалған жері кетеді, тек оған уақыт керек.

Өзінің әріптестерін осы іске кінәлі деп есептейді ме деген сұраққа Гаухар Хасанқызы былай жауап берді.

  • Біреуді кінәлау оңай ғой. Сондықтан да дәрігерлердің кінәсі болды, анау кінәлі немесе мынау кінәлі деп айта алмаймын. Мұндай жағдайлар болып тұрады, бастысы Диананың емделуіне назар аудару керек. Ол қазір жақсарып келе жатыр, тамақ ішеді, сөйлейді. Алланың қалауымен алдағы уақытта бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Caravan.kz медиа порталының тілшісі Ақылбек Дианаға дәрі еккен дәрігерге хабарласып көрген еді, дәрігердің телефоны өшірулі тұрғаннан кейін, хабарласа алмады.

Бұл іс енді Caravan.kz медиа порталының да, прокуратураның да жіті бақылауында болмақ.

Соңғы жаңалықтар