Алматылық дәрігерлер: Балалар нафтизиннен улануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық дәрігерлер: Балалар нафтизиннен улануы мүмкін

Алматылық дәрігерлер: Балалар нафтизиннен улануы мүмкін

Алматылық дәрігерлер балалардың нафтизиннен улануы мүмкін екенін айтты.

  • 30 Шiлде 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған. 

Соңғы уақыттары сосуд тамырларын тарылтатын тамшылардан уланған балалардың саны артқан. Дәрігерлердің айтуынша, суық тиюге, жедел респираторлы вирустық инфекцияларға, мұрынның бітелуіне байланысты ата-аналар көбінесе баланы өздері емдеуді жөн көреді, өйткені бір қарағанда зиянсыз мұрын тамшылары баланың өміріне айтарлықтай қауіп төндіретінін білмейді. Мұның басты себебі үлкендердің нұсқаулықты дұрыс оқымай, мерзіміне қарамай, дозасын  шамадан тыс қолданудан болады. 

"Мерзімі өтіп кеткен дәрілер мен дәріні көтере алмау препараттардың кері әсер етуіне әкеліп соғады", — деп жазады дәрігерлер.

Сосуд тамырларын тарылтатын тамшылардан уланудың өзіндік белгілері бар. Әлсіздік, төмен дене температурасы 36,0-35,0 градус және одан да төмен, летаргия, ұйқышылдық, бас айналу, емшектен немесе тамақтан бас тарту. Терісі суық және дымқыл, қайта-қайта терлейді, ерні көгеріп, тынысы ауырлайды. Қан қысымы төмендейді. Брадикардия, яғни жүрек соғу жиілігі төмендейді екен. Дәрігерлер мұндай жағдайда не жасау керегін түсіндірді.

"Жедел жәрдем көлігі келгенше, баланы тегіс жерге қойыңыз. Бөлме температурасындаға су беріңіз. Егер асқазанға нафтизин түссе, асқазанды таза қайнаған сумен жуыңыз, бөлме температурасына дейін салқындатыңыз және сорбенттер, белсенді көміртекті және басқа сорбенттерді қолданыңыз», — деді мамандар.


Соңғы жаңалықтар