Алматылық футбол арбитрі Еуропадағы үздік отыздықтың қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық футбол арбитрі Еуропадағы үздік отыздықтың қатарына енді

Алматылық футбол арбитрі Еуропадағы үздік отыздықтың қатарына енді

Еуропадағы футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2010/2011 жылғы маусымның екінші жартысындағы төрешілер категорияларын жаңартты. Онда әйел-қазылар 4 категорияға бөлінді.

  • 29 Желтоқсан 2010
  • 469
Фото - Caravan.kz

Оның ең жоғарғы «Элит» дәрежесіне — 17, одан кейінгі «Премьер» дәрежесіне — 12 арбитр ұсынылды. Бұл 12 арбитрдің арасында алматылық Юлия Медведева бар. Соның нәтижесінде ол Еуропадағы үздік отыздықтың қатарына еніп отыр. Ал шымкенттік Ирина Гаврилова 3-дәрежелі арбитрлер тізіміне енді.

Ерлер арасындағы қазылар онда 6 категорияға жіктелген. Олар — «Элит», «Премьер девелопмент», «Премьер» және 2-4 категориялар. Онда қазақстандықтардан Артем Кучин төртінші, Александр Гаузер, Павел Салий мен Анатолий Вишниченко үшінші дәрежелі төрешілер қатарына еніп отыр.