Алматылық футболшылар Премьер-Лигадағы ел чемпионатында 11-інші орында келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық футболшылар Премьер-Лигадағы ел чемпионатында 11-інші орында келе жатыр

Алматылық футболшылар Премьер-Лигадағы ел чемпионатында 11-інші орында келе жатыр

Кеше еліміздің 7 қаласында футболдан Премьер-Лигадағы командалар арасында Қазақстан чемпионатының 21-інші туры өтті.

  • 27 Тамыз 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz


Онда 3:0 есебіндегі ең жоғарғы есеп Павлодарда «Ертіс» пен Талдықорғанның «Жетісу» аяқдопшылары арасындағы ойында тіркелді. Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қызылорданың «Қайсар», Қостанайдың «Тобылы» мен «Ақтөбе» 2:2, Оралдың «Ақжайығы» пен Шымкенттің «Ордабасы» 1:1 есебімен тарасты. Алматының «Қайраты» «Таразды» 2:1, «Атырау» Қаскелеңнің «Сұңқарын» 1:0 есебімен жеңді. Тек Қарағандының «Шахтері» ғана өз алаңында Астананың футболшыларынан 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Қазір турнир кестесінде 21 ойыннан кейін 41 ұпаймен «Шахтер» мен «Тобыл» көш бастап келе жатыр. Олардан 2 ұпайы кем павлодарлықтар үшінші орында тұр. Ал 1 ойыны кем астаналықтар 37 ұпаймен төртінші орында болса, тараздықтар 21 ойыннан соң 5 ұпаймен үздік бестікті түйіндеуде. Ақтөбеліктердің қоржынында 19 кездесуден кейін 32 ұпай болса, олардан бір ұпай артық шымкенттіктерде — 30, оралдықтарда — 28 ұпай бар. 21 турдан соң атыраулықтар — 25, қызылордалықтар — 24 ұпаймен 9-10 орында келеді. Ал 11-орында 20 кездесуден соң 22 ұпаймен алматылықтар он бірінші тұрса, одан бір ойыны артық қаскелеңдіктер 21 ұпаймен он екінші, талдықорғандықтар 18 ұпаймен он үшінші, көкшетаулықтар 8 ұпаймен он төртінші орынға табан тіреді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера