Алматылық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатының алғашқы 2-турының қорытындысы бойынша 10-орында келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатының алғашқы 2-турының қорытындысы бойынша 10-орында келе жатыр

Алматылық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатының алғашқы 2-турының қорытындысы бойынша 10-орында келе жатыр

Кеше еліміздің 6 қаласында Премьер-лигадағы ел чемпионатының алғашқы айналымының 2-туры өтті.

  • 19 Наурыз 2012
  • 501
Фото - Caravan.kz

Тек Шымкентте «Ордабасы» мен Астана» арасындағы кездесу ғана ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.

10-наурызда сырт алаңда Қостанайдың «Тобылына» 0:4 боп ұтылған Дмитрий Огай жаттықытыратын Алматының «Қайраты» бұл жолы өз жанкүйерлерінің алдында ерледі. Олар қонаққа келген Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 3:0 есебімен басым түсті. Бұған дейін Оралдың «Ақжайығына» өз алаңында 0:3 есебімен есе жіберген көкшетаулықтар турнир кестесінде көш соңында келе жатыр. Оралдықтар бұл жолы атыраулықтарды 3:1 есебімен ұтып көш бастады. Өз алаңында алдымен өткен жылы ел чемпионы болған Қарағандының «Шахтерін» 1:0, одан кейін қола жүлдегер саналатын «Тобылдан» 4:1 есебімен басым түскен Павлодардың «Ертісі» екінші орында келе жатыр. «Астананы» 2:0, «Сұңқарды» (Қаскелең) 1:0 етіп ұтқан «Тараз» командасы алғашқы үштікті түйіндеуде. Олардың қоржынында алты-алты ұпайдан бар. Үздіктерден 3 ұпайы кем «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл», «Ордабасы», «Шахтер», «Ақтөбе», «Сұңқар» мен «Қайрат» 4-10 орынды өзара бөлісуде. Ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ «Астана», «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» турнир кестесінде көш соңында келе жатыр.

Енді келесі тур 25-наурызда өтеді. Онда қостанайлықтар қарағандылық, көкшетаулықтар павлодарлық, атыраулықтар алматылық, астаналықтар оралдық, қаскелеңдіктер шымкенттік, қызылордалықтар тараздық, ақтөбеліктер тараздық құрдастарымен шеберлік байқасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера