Алматылық кәсіпкерлер ҚР индустрия және сауда министрлігінің жұмысына риза емес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық кәсіпкерлер ҚР индустрия және сауда министрлігінің жұмысына риза емес

Алматылық кәсіпкерлер ҚР индустрия және сауда министрлігінің жұмысына риза емес

Алматылық кәсіпкерлер ҚР индустрия және сауда министрлігінің жұмысына риза емес. Бұл туралы бүгін, 9-қаңтарда өткізілген баспасөз мәслихатында Алматы кәсіпкерлерінің қауымдастығы мен қалалық шағын кәсіпкерлік департаментінің өкілдері мәлімдеді.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық шағын бизнес департаментінің директоры Серік Тұржановтың атап көрсетуінше, өткен қазан айындағы Кәсіпкерлер форумында бизнес саласына жүктелетін ауыртпалықты азайту туралы Елбасы берген тапсырма күні бүгінге дейін орындалмай отыр. «Қазір бұған мүлдем кері құбылыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлер жұмысын тіптен қиындата түсетін бұйрықтар мен қаулылар саны тіптен көбейіп, бақылаушы органдар саны да барған сайын арта түсті»,- деді ол.

С.Тұржанов Алматылық кәсіпкерлердің атынан салалық министрлік пен жалпы үіметтің жұмысына қанағаттана алмайтындықтарын білдірді. Шенеуніктердің тыйым шаралары мен бизнеске қарсы бағытталған қадамдары «еліміз экономикасының үш жылға жетпей тұралап қалуына апарып соғуы мүмкін»,- деді шағын бизнес департаментінің директоры. Сол себепті, бизнесмендердің пікірінше, кәсіпкерлерге жүктелеін ауыртпалықты азайту жұмысымен индустрия және сауда министрлігі тікелей айналысуы тиіс.
Алматылық кәсіпкерлерлер қауымдастығының төрағасы Виктор Ямбаевтың хабарлауынша, қазір кәсіпкерлікке бақылау жасайтын органдар саны 56-ны құрайды. Кәсіпорынның жұмыс істеуіне қажетті лицензиялар саны мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаюдың орнына керісінше арта түсті деді В.Ямбаев. Ол кәсіпкерлерге қатысты «жалған саясат» ұстанылып отыр дегенге сенім білдірді.
В.Ямбаев соңғы уақытта түрлі қадағалаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік саласына көрсетілетін қысымды күшейтіп, кәсіпкерлерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыра түсуге бағытталған бірнеше жаңа құжаттың пайда болғанына журналистер назарын аударып өтті. Республикалық бас санитарлық дәрігердің қолынан шыққан осындай бір құжат кәсіпкерлерге тұрмыстық техникалардан, соның ішінде теледидарлар, компьютерлер мен ұялы телефондардан шығатын шуылдар, түрлі сәулелер мен дірілдерді қадағалауды міндеттейді. Соған сәйкес кәсіпкерлер осындай шуылдар мен сәулелер кәсіпорын жұмысшыларына кері әсер етпейтіндігін дәлелдейтін түрлі құжаттарды дайындап, тиісті мекемелермен келісуі қажет. Алматылық кәсіпкерлерлер қауымдастығының төрағасының айтуынша, бұл құжат пен осыған ұқсас басқа да құжаттарда сәйкестілік төлқұжаты мен басқа да қағаздарды әзірлеуде кәсіпкерлер қандай мәліметтерге сүйенуі тиістігі ашып көрсетілмеген. В.Ямбаев осы тектес құжаттарды қабылдаудың қажеттен тыс екеніне сенімді. Оның пайымдауынша, бұл құжаттар «кәсіпкерлеге көрсетілетін қысымды күшейтіп», оларды «сауын сиырына айналдыруға» тағы бір мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар