Алматылық кеденшілер Қазақстан аумағына 9 кило алтынды заңсыз алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық кеденшілер Қазақстан аумағына 9 кило алтынды заңсыз алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Алматылық кеденшілер Қазақстан аумағына 9 кило алтынды заңсыз алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Қазақстан аумағына аса ірі көлемде алтын бұйымдар алып өтуге жасалаған кезекті әрекетке Алматы қалалық Кедендік басқармасының қызметкерлері қаланың халықаралық әуежайында тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық Кедендік басқармасынан хабарлады.

  • 3 Қазан 2003
  • 444
Фото - Caravan.kz

Стамбул-Алматы бағытындағы 1351 санды рейспен келген жолаушылардың жүгіне кедендік тексеру жүргізген кезде уақытша Алматыда тұратын 47 жастағы Түркия азаматы ұсталды. Кедендік бақылаудан жасырып өтпек болған оның сөмкесінен 13,5 млн. теңгенің 9 кило алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар шықты. Соңынан әлгі адам алтынды Алматыда сату үшін Стамбулдан алғанын мойындады.

Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «экономикалық контрабанда» жөніндегі 209-бабы, 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Осындай үлкен алтын партиясын ұстау жөніндегі соңғы оқиға Алматы әуежайында өткен жылдың желтоқсан айында болған. Сол кезде кеденшілер Біріккен Араб Эмираттарынан әкелінген 10 кило зергерлік бұйымдарды тәркілеген болатын.

Соңғы жаңалықтар