Алматылық кеденшілер сыртқы экономикалық алыс-беріске белсене атсалысушы компаниялардың 25 процентін қауіпсіз компаниялар санатына жатқызбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық кеденшілер сыртқы экономикалық алыс-беріске белсене атсалысушы компаниялардың 25 процентін қауіпсіз компаниялар санатына жатқызбақшы

Алматылық кеденшілер сыртқы экономикалық алыс-беріске белсене атсалысушы компаниялардың 25 процентін қауіпсіз компаниялар санатына жатқызбақшы

Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті таяу уақыттарда сыртқы экономикалық алыс-беріске белсене атсалысушы 500 компанияны қауіпсіз компаниялар санатына жатқызбақшы. Бұл жалпы осындай компаниялардың 25 процентін құрайды. Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасы Ерлан Қожағапанов "Ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған компанияларға жеңілдетілген кедендік рәсімдеу процедурасын қолдану" тақырыбындағы дөңгелек үстелде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қараша 2005
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен сыртқы экономикалық алыс-беріспен 7,5 мың компания шұғылданады. Олардың 2 мыңы шекара арқылы тұрақты тауар тасымалдайды. Біз ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған компаниялардың саны кем дегенде 20 процентті құрағанын қалаймыз»,- деді Е.Қожағапанов. «Бұл — іске асатын мақсат және оны біз орындай аламыз»,- деді ол.

Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті төрағасының орынбасары Евгений Тушиннің айтуынша, «ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған компаниялар өз жүктерін уақытша сақтау қоймасында қалдырмайды және жүктің кедендік декларациясын толтырған кезде тауарлары тексерілмейді. Мұндай компаниялар көптеген артықшылықтарға ие болмақ».
Ең төменгі тәуекел категориясына жатқызылған компаниялардың сыртқы экономикалық алыс-беріс бойынша біріншіден салық және басқа да төлемдерден бір жыл ішінде берешегі болмауға тиіс. Сонымен бірге олар сыртқы экономикалық алыс-беріспен кем дегенде екі жыл айналысқан және шекара арқылы алып өтетін тауарларының саны 20-дан жоғары болуға тиіс.
Қазіргі жағдаймен Алматыда 131, ел бойынша 500 компания ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған.

Перейти к новостям спорта