Алматылық Лермонтов атындағы театрға енді электронды билетпен кіруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық Лермонтов атындағы театрға енді электронды билетпен кіруге болады

Алматылық Лермонтов атындағы театрға енді электронды билетпен кіруге болады

Алматыда М.Лермонтов атындағы Орыс драма теаатрына электронды билеттерді интернет арқылы алуға болады,

  • 25 Маусым 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

оларды кассада алмастырудың керегі жоқ, тек бақылаушыға арнайы басып шығарылған немесе смартфондағы кодты көрсетсе болғаны.

Билеттер өнеркәсіптік сканермен жарақтандырылған, арнайы алып жүруге арналған құрылғының көмегімен тексеріледі, ол штрих-кодты лезде оқуға мүмкіндік береді. Бұл туралы сәрсенбіде билеттерді онлайн-сатып алуға арналған "Тикетон" жүйесінің хабарламасында атап өтілген.

Енді билет алуға аз ғана минут жұмсалады, үйден не офистен шықпастан ыңғайлы орындарды таңдауға мүмкіндік бар.


QR-коды бар алғашқы электронды билеттер биыл 18-маусым күні өткен "Убийство по ошибке" қойылымына сатылған болатын.