Бұл туралы Patrul.kz сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Сөйтсек, сол күні қыз жігітімен бірге қаладағы кафелердің бірінде демалған. Осы кезде екеуі жанжалдасып, ер адам кафеден кетіп қалыпты. Бірнеге сағаттан кейін ол қайтып келіп, сүйіктісінің жоқ екенін байқайды. Кейін ол қыздың көрші дастарханда отырған жігітпен танысып, сонымен бірге кетіп қалғанын анықтайды. Қыздың бұл әрекетіне шыдай алмаған жігіт олардың құшақтасып тұрған сәтінде атыс шығарған. Мұнымен де тоқтамай, қызғанған ер адам қарсыласын ұрып-соққан.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шабуыл жасаған жігіт 10 күннен кейін ұсталған. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберіліпті. "Қару қолдану, бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.