Алматылық профессор Испания кітапханасынан әл-Фарабидің 10 трактатын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық профессор Испания кітапханасынан әл-Фарабидің 10 трактатын тапты

Алматылық профессор Испания кітапханасынан әл-Фарабидің 10 трактатын тапты

Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар Дербісәлі Испаниядағы Эскориал монастрының кітапханасынан шығыстың орта ғасырдағы атақты ғалым-ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 10 трактатын тауып алған. Бұл туралы Әбсаттар Дербісәлінің өзі Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

  • 15 Қазан 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Мен бұл кітапханада 10-11 күндей жұмыс істедім. Жұмыс барысында қолжазба қорынан әл-Фарабидің 10 трактатын тауып алдым. Бұл мен үшін тосын сый болды. Қазақ ғалымдары әл-Фарабидің 60-тан астам трактатын орыс және қазақ тіліне аударғаны мәлім. Алматыда 10-ға жуық трактаты басылып шықты. Міне, енді тағы 10 трактат табылып отыр», — деді профессор.

Зерттеу жұмыстары шетелдік мұрағаттарда ғылыми іссапар аясында жүргізілді. Тағы бір профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Қалқаман Жұмағұлов Ватиканнан ғұндардың атақты көсемі, кезінде Римді жаулап алған Еділ патшаның бұрын жұртшылыққа белгісіз болып келген кескінін тапты. Ол бұған дейін ешбір басылымда жарық көрмеген екен.

Айта кетелік, Эскориал монастыры кезінде Испания королі II Филипптің монастыры, сарайы әрі резиденциясы болған ғимараттар кешені. Мадрид қаласының 200 шақырым жерде орналасқан.


 

Перейти к новостям спорта