Алматылық "Қайрат" тағы бір шетел ойыншысымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық "Қайрат" тағы бір шетел ойыншысымен толықты

Алматылық "Қайрат" тағы бір шетел ойыншысымен толықты

Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық "Қайрат" командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.k

  • 27 Қазан 2016
  • 438
Фото - Caravan.kz

Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық "Қайрат" командасына ауысты, — деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, келісімшарт "1+1" сызбасы бойынша жасалған. Тайеби медициналық тексерістерден өтті, жуырда алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайтын болады.

"Мен "Қайрат" командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, "Қайрат" командасы — әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!", — деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Колумбияда қыркүйек-қазан айында футзалдан өткен әлем чемпионатында Иран құрамасы Португалияны басып озып, 3-орында иеленген болатын. Иран құрамасында ойнаған Тайеби 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.