Аға бапкер Оксана Антипова мен Оксана Бекбулатова жаттықтыратын алматылықтар қарсыластарын 84:50 есебімен ұтты. Кездесудың бірінші кезеңі 16:16 боп аяқталған. Олар екінші кезеңде 22:6, үшінші кезеңде 20:18, төртінші кезеңде 26:10 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл 7-жеңіс. Алматылықтар бұған дейін 6 ойында басым түсіп, 14 кездесуде жеңіліс тапқан еді. Ал бұл жолғы қарсыласы осымен 19-рет қарсыластарының басымдығын мойындап отыр.