Алматылық студент қарындасына шемішкеден көйлек жасап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық студент қарындасына шемішкеден көйлек жасап берді

Алматылық студент қарындасына шемішкеден көйлек жасап берді

Алматылық колледждердің бірінде заң факультетінде білім алатын студент Заманбек Қастенхан шемішкеден әдемі көйлек жасады, деп хабарлайды

  • 28 Қазан 2016
  • 3011
Фото - Caravan.kz

Алматылық колледждердің бірінде заң факультетінде білім алатын студент Заманбек Қастенхан шемішкеден әдемі көйлек жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жігіт ерекше көйлекті бір жыл бұрын мектеп байқауына қатысқан қарындасы үшін жасаған. Болашақ заңгер киімді тігуге екі апта уақытын жұмсапты. Содан бері сол көйлек еш қолданылмай үйде жатқан. Енді міне, тура бір жыл өткеннен кейін қиялы ұшқыр «дизайнерді» республикалық таланттар байқауында бақ сынауға шақырған.

«Бірде Голливудта қызыл кілемнен жүріп өткен жұлдыздардың көйлектерін қарап отырып, ойыма осындай идея сап ете түсті. Ондағы көйлек жылтыр тастардан тігілген болатын. Оны шемішкемен неге алмастырмасқа деген ой келді. Қағаз майлықтардан да көйлек жасаған болатынмын», — дейді жас жігіт.


«Көйлекті киіп көрдім. Өте ыңғайлы. Ол өзі дарынды, өнерлі жігіт. Бізді үнемі ерекше, қызықты дүниелерімен қуантып жүреді. Ұстаздар күніне орай стенд, қолдан түрлі бұйымдар жасап берген болатын», — дейді тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Лаура Нұрдәулетова.

Перейти к новостям спорта