1-турда 7 ұпаймен турнир кестесінде 4-ші орынға табан тіреген алматылықтар қазіргі таңда өз орнын Қарағанды облысының командасына босатып отыр. Бүгін олар енді ақтық кездесуін астаналықтармен өткізеді.
Алғашқы 5 күннің қорытындысы бойынша 30 ұпаймен Алматы облысының волейболшылары («Жетісу») көшбасшылықты ешкімге берер емес. Үздік үштікті 22 ұпаймен Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» мен 19 ұпай жинаған «Астана» командасы түйіндеп тұр. Одан кейінгі орындарда «Қарағанды» (12 ұпай), «Алматы» (10 ұпай), «Металлург АМТ» (9 ұпай), «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (6 ұпай) волейболшылары келе жатыр. Олардың ішінде ұпай қорын ұлғайтуға Алматы мен «Металлург АМТ» командаларының бір-бірден, ал өзгелердің 2 мүмкіндігі бар. Өйткені 18 желтоқсанда жалауы көтерілген бұл сайыс 25 желтоқсанда аяқталады. Онда алматылықтар ақтық кездесуін бүгін, ал теміртаулықтар ертең өткізбек.