Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатын сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатын сәтті бастады

Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатын сәтті бастады

Иранның Тегеран қаласында волейболдан ерлер арасында ХIV Азия чемпионаты өтіп жатыр. Онда «Д» тобында бақ сынап жатқан Геннадий Паршин жаттықтыратын «Алматы» кеше алғашқы ойында Оманның «Saham» командасын 98:88 есебімен ұтты.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Олардың бүгінгі қарсыласы болатын Жапонияның «Тойота Gosei Trefuerza» командасы Мальдивы чемпионын ( «STO RC») 75:37 есебімен жеңген болатын. Ертең топтық сындағы ақтық ойынын енді «STO RC» волейболшыларымен өткізеді. Егер қос қарсыласынан басым түсетін болса, 24-і күні «В» тобындағы Катардың «Аl Rayyan», Өзбекстанның «Өзбектелеком», Ирактың «Ал-Нафт Janoob» волейболшылары арасында 2-ші орын алған, ал 2-ші орын алса бұл топтың жеңімпазымен кездеседі. Ал келесі күні екі топтың жеңімпаздары мен екініші орын алған командалары өзара күш сынасатын болады. Одан кейін 27-29 күндері ширек, жартылай және ақтық сындар болады.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарынан бұған дейінгі Азия чемпионатында «Рахат-ЦСКА» 2005 жылы алтын, «Рахат» 2006 жылы, «Алматы» 2008, 2011 жылдары күміс, «Атырау» 2002, 2004 жылдары қола жүлдегер атанған болатын. Ал бұл жарыста Қазақстан, Қытай, Катар бір-бірден, Оңтүстік Корея 2 рет, Иран 8 рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера