Алматылық жас футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жас футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Алматылық жас футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Түркияның Алания қаласында 26-31 наурыз күндері футболдан балалар арасында футболдан «Түрік каникулы» EVIMA CUP 2012. (U-12) халықаралық турнирі өтті.

  • 3 Сәуiр 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz


Онда 2000 жылы туылған аяқдопшылар арасында ел намысын қорғаған Алматының «Қайрат-2000» командасы күміс жүлдегер атанды. Олар алғашқы 4 мачта Түркияның Алания қаласының «Алианиаспор» және Ресейдің Орехово-Зуаев қаласының «Знамя Труда» командаларын 3:0, Түркияның Авсаллар қаласының («Авсаллар») футболшыларын 2:1, ал Ресейдің Мәскеу қаласының «Торпедо-ФСХМ» аяқдопшыларын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Бірінші орынның тағдыры Мәскеудің «Чертанова» командасымен болған ақтық ойында шешілді. Онда ресейліктердің екінші командасы 5:0 есебімен басым түсіп, 15 ұпаймен турнир жеңімпазы атанды. 12 ұпай жинаған «қайраттықтар» күміс, қоржынында 9 ұпайы бар «торпедалықтар» қола жүлдені иеленді. Ал 6 ұпаймен «авсалларлдықтар» төртінші, 3 ұпаймен «Знамя трудалықтар» бесінші орын алса, барлық кездесуде техникалық жеңіліс алған «аланиялықтар» бірде-бір ұпай ала алмады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера