Алматылық жолаушы тасымалдаушылар жіті тексеруден өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жолаушы тасымалдаушылар жіті тексеруден өтеді

Алматылық жолаушы тасымалдаушылар жіті тексеруден өтеді

Алматы қалалық жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы «Экспресс транс» ЖШС-мен № 35 бағытты басқару туралы келісім-шартты үзді. Аталған бағыт конкурс өткізілгенге дейін басқа тасымалдаушыға берілді.

  • 3 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік маусымның 1 күні № 35 бағыттағы А 639 EU нөмірлі автобус жүргізушісі Абай-Фурманов көшелерінің қиылысында жол полициясының көлігімен соқтығысып, полиция қызметкері ауыр жарақат алған болатын. Қазіргі кезде ауруханада жатқан жол полициясы батальон командирінің орынбасары А.Байтұрсыновтың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Жол бойындағы бейнебақылау камераларынан автобус жүргізушісінің кінәлі екендігін дәлелдейтін айғақтар табылған. Автобус рөлінде 1988 жылы туған Руслан Қалиев отырған. «Экспресс транс» ЖШС жүргізушіні 2010 жылы жұмысқа қабылдағаны белгілі болды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы «Экспресс транс» ЖШС -мен 35 бағытты басқару туралы келісім-шартты үзді. Басқарманың хабарлауынша алдағы уақытта бұл компаниямен басқа бағыттар бойынша да келісім-шарт үзіліп, басқа тасымалдаушыларға берілмек. Сонымен қатар маусым-шілде айларында барлық жолаушылар тасымалдаушылардың жұмысы жіті тесерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар