Алматылықтар газ тарту үшін пайызсыз несие ала алады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар газ тарту үшін пайызсыз несие ала алады

Алматылықтар газ тарту үшін пайызсыз несие ала алады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есеп беру кездесуінде алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алатынын айтты.

  • 19 Ақпан 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.tv -ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Газдандыруға қатысты мәселе өткір. Әсіресе, Түрксіб және Алатау айдандарында магистралды және газ тарту желілері жоқ. Сондықтан газ тартуда қиындықтар туындаған. Біз 3 мыңға жуық үйді санадық, олардың 300-ге жуығы тұрмысы төмен отбасылар. Оларға қатысты шешім қабылдадық, бүгінде 200-ге жуық үй газға қосылды. «КазТрансГаз Аймақ» газды 148 мыңға тартып береді. Ал, басқа мердігер компаниялар бұл қызметі үшін 250–300 мың теңге аралығында алады екен. Бұл тұрғындар үшін оңай емес. Сондықтан біз Halyk банкпен келістік. Тұрғындар пайызсыз несие алуға ниетті. Бүгінде бағдарлама дайын. Halyk банкі тұрмысы төмен отбасылардың шығынын өтеуге әзір. Қалғандарына пайызсыз несие бермек»,- дейді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар