Бастама авторлары «Союз-ТМА» ғарыш кемесінің Қарағанды жерінде жерге қону сәтін, экипаж мүшелерін суретке түсіруді көздеп отыр.
Экспедиция мүшелері Қазақстанның 1500 шақырым жолды Тойота Фортунер көлігімен жүріп өтпек. Үш күн ішінде 8 қатысушы Балқаш, Жезқазған, Қарағанды қалаларын аралап шықпақ.
Автоэкспедиция вКонтакте және Facebook парақшаларында жарияланбақ. Ресми хэштегі: #AidynARBtrip
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан 2 қыркүйекте сәтті ұшырылды
Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков (командир), Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар.
Ғарыш кемесі стансамен 4 қыркүйек күні халықаралық ғарыш стансасымен сәтті түйісті.
ХҒС-да оларды ресейліктер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко мен Олег Кононенко, америкалық астронавтар Скотт Келли мен
Челл Линдгрен, сондай-ақ жапон астронавты Кимия Юи қарсы алды.
Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер 2 күннен соң жерге оралады.
Айта кетсек, орбитада отандасымыз қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізеді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттейді.