Алматылықтар коммуналдық қызметке қарызданудан рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар коммуналдық қызметке қарызданудан рекорд орнатты

Алматылықтар коммуналдық қызметке қарызданудан рекорд орнатты

Алматылықтар коммуналдық қызметке қарызданудан рекорд орнатты! Оңтүстік астана тұрғындарының жалғыз жылуға ғана берешегі 3 миллиард теңгеге жуықтаған. Ешбір қалада кездеспеген мұндай қарыз мөлшері шаһар басшысының ашуын шақырды.

  • 2 Қазан 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz

Ахметжан Есімов осы екі аптаның ішінде қарызды түгел жинап алуды тапсырды. Олай болмаған жағдайда борышкерлер қыс ортасында жылудан қағылады. Ал жалпы жылу балабақша, мектеп секілді мемлекеттік мекемелерге алдағы сейсенбіден бастап берілмек. Қалған тұрғынүйлерге ол, әдеттегідей, осы айдың ортасынан бастап жетеді.


Бауыржан Мұсаев, Алматы қаласы әкімдігі жылумен жабдықтау бөлімінің басшысы:

—  Қарызы бар адамдарды болса да енді ол тұрғын үйлерді жылуға қосамыз. Бірақ, алда жиналыс болады. Сол жиналыста сот шешімдері бойынша сот орындаушылар бар. Солар арқылы біз шаралар қолданамыз.