Алматылықтар отбасы күнін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар отбасы күнін атап өтті

Алматылықтар отбасы күнін атап өтті

Алматылықтар отбасы күнін атап өтті. Мереке аясында «Apple quest» деп аталатын ерекше ойын ұйымдастырылып, ерікті қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды. Олар жарыстың шарты бойынша көшелерде жаяу жүріп өтті. Және қаланың тарихы туралы қойылған сұрақтарға жауап іздеді. Жылдамдық пен білгірлікті қажет ететін мұндай шара Алматыда тұңғыш рет өтіп отыр.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

«Apple quest» тұңғыш рет ұйымдастырылған жылдамдық пен ұшқырлықты қажет ететін бірден-бір жоба. Негізінен, қаланың тарихымен кеңінен танысуға арналған. Қатысушылар осы тақырып аясында қойылатын күрделі сұрақтарға жауап іздеп, біраз тер төкті.

Татьяна Матлахова, ұйымдастырушы:

—  Қатысушылар үшін әдейі күрделі сұрақтарды таңдап алдық. Жауабын табу үшін олар арнайы белгіленген жерлерге жетуі тиіс. Біз тұрғындар өз қаласын кеңінен тани түсіп, әрбір жерін, тарихын білсе екен дейміз.

Ерекше ойынға қатысушылардың бәрі өз қалауымен келген. Бастысы, Алматыға деген махаббат пен қаланың тарихынан хабардар болса жеткілікті. Барлығы 60-тан астам топ қатысып, өзара бақ сынасты. Олардың әрқайсысында 2 адамнан 5 адамға дейін бар.

Алматылықтар осылай ән шырқай, қаланың әр бұрышын жаяу аралады. Ойынға арнайы ең көне көшелер таңдап алынған.


Фарида Әлназиева, қатысушы:

— Теориялық этапта негізінен осы Алматының тарихы туралы сұрақтар болды. Біріншіден мынау ескерткіштер, жазушылар туралы сұрақтар болды. Негізінен, бірінші рет қатысып тұрмыз мұндай ойынға.Ұтамыз деп ойлаймыз.

3 сағаттан астам уақытқа созылған ойында озық шығып, рекорд орнатқан «Prado» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұған қоса, «ең тату отбасы», «ең сәнқой топ»және топтың ерекше атауы сынды аталымдар бойынша да марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар