Бұл туралы 24.kz жазады.
«Мен – Алматылықпын» атты қоғамдық бірлестік құрылып, жастар қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ізгілік көмегін ұйымдастырып жатыр. Бүгін және ертең күні бойы қала мен облыстың бұл қайғыға ортақтасқысы келетін әрбір тұрғыны зардап шеккендерге қолдарынан келгенше жәрдем бере алады.
— Қырғыз мемлекеті біздің өте жақын көршіміз болған соң ұмытпау керек. Осындай өте қайғылы жағдайларда көмек беруді. Қазақстан мемлекетінен, өзіміздің қоғамдық ұйымынан, халқымыздан қолдан келген көмек беріп жатырмыз, дейді «Мен – Алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің өкілі Кеңжан Әбенов.