Алматылықтарға маска тағу тәртібін сақтамағаны үшін айыппұл салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтарға маска тағу тәртібін сақтамағаны үшін айыппұл салына бастады

Алматылықтарға маска тағу тәртібін сақтамағаны үшін айыппұл салына бастады

Маска тағу тәртібін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға айыппұл салына бастады.

  • 19 Шiлде 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындары арасында ауыру жағдайларын азайту мақсатында барлық аудан аумақтарында маска тағу тәртібі мен әлеуметтік қашықтық сақтау маңыздылығы туралы күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау үшін қатаң шектеу шаралары қабылданғаны белгілі, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты Алматыда кәсіпкерлік субъектілері мен қала тұрғындарының карантин шараларын, соның ішінде маска тағу тәртібіне қатысты тәртіп бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаевтың айтуынша, аудан аумағында халық тарапынан маска тағу тәртібін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.


"Бүгінде карантин режимін бұзуға қатысты 41 әкімшілік материал толтырылды. Оның ішінде 24 жеке тұлғаға маска кимегендері үшін және 14 кәсіпкерлік объектілеріне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін. Жабық ғимараттардың кіреберіс есіктері мен көшелерге ақпараттық материалдар іліп қойғанымызға қарамастан, маска тағу тәртібін бұзатын адамдар бар", — деді Бағлан Дәндібаев.

Сондай-ақ, ол маска тағу тәртібін бұзғандары үшін тұрғындардың айыппұл төлей бастағанын атап өтті.