Алматылықтарға пəтер сатып сазға отырғызған əйел 6 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтарға пəтер сатып сазға отырғызған əйел 6 жылға сотталды

Алматылықтарға пəтер сатып сазға отырғызған əйел 6 жылға сотталды

 Алматыда өзін «Тұрғын үй департаментінің қызметкерімін» деп таныстырып, ондаған алматылықты сазға отырғызған келіншек 6 жылға сотталды.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Медеу аудандық прокурорының бас көмекшісі Ержан Құрақбаев хабарлады.

«Келіншек мемлекеттік бағдарламамен арзан пəтер алғысы келгендерді арнайы іздеген. Сенімділік туғызу үшін ол пəтерлерді алдын ала жалға алып, өзінікі етіп көрсеткен. Клиенттеріне тек кілтті беріп, құжаттарды кейін жіберем деп сендіріп келген»,- деді ол.

Алаяқ келіншек 2012-2013 жылдары аңқау сатып алушылардан  300 мың долларға жуық ақша жинап алған.

«Алданғанын білгендер биыл мамыр айында полицияға жүгінді. Əйел ұсталды. Өткен аптада оған қатысты сот үкімі шықты. Келіншек 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта əйел өзінің қылмысын мойындап, жасаған əрекетіне өкінетінін жеткізді»,- деді прокурордың көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар