2013 жылғы фестивальдің тақырыбы — «Музыкалық ринг». Керемет шоу «музыкалық жекпе-жек» форматында өтті. Бұл күні сахна төріне Р.Рымбаева, «Жетіген», «Дос Мұқасан», А. Бабаева, Н.Есқалиева, Н. Абдуллин, А. Нұрмағамбетова, О. Гостев, Ж. Серкебаева, Д. Ахмадиева, сондай-ақ «КешYou», «Орда», «Rin'Go» топтары және т.б. шықты.
Фестиваль қонақтары ретінде алматылықтар алдында Sandra, «Army of Lovers», әнші Натали, «Хор Турецкого» арт-тобы және Мартин Эрикссон бастаған атақты «E-type» тобы өнер көрсетті.
Қойылымның бас демеушісі — «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдірді. Ал фестивальды ұйымдастырушы КТК телеарнасы.