«Алматыметроқұрылыс» АҚ экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматыметроқұрылыс» АҚ экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

«Алматыметроқұрылыс» АҚ экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Алматыда «Алматыметроқұрылыс» АҚ экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz


Мұндай шешімді №2 Медеу аудандық соты шығарды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. 

Оның айтуынша, соттың 12 қыркүйекте шығарылған шешіміне сәйкес, Мұрат Өкшебаевты қамауда ұстау мерзімі 1 айға созылды. Яғни, ол қамауда 14 қазанға дейін отырады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы сот үкіміне шағым түсіре алады. 
Айта кету керек, «Алматыметроқұрылыс» АҚ бұрынғы директоры, мәслихат депутаты Мұрат Өкшебаев 2015 жылдың 14 шілдесінен бастап қамауда отыр. 
Оған мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. 
Мұрат Өкшебаевқа қатысты 1997 жылғы ҚР ҚК 176-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Сондай-ақ, Медеу аудандық сотының қаулысымен Өкшебаевқа тиесілі мүлік 4 пәтер мен 1 жер телімі тәркіленді.
Егер айыбы дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Мұрат Өкшебаев 1994 жылдан 2010 жылға дейін «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры болып жұмыс атқарды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Метрополитен» КМК басқарды. 
62 жаста, техника ғылымдарының докторы. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. 
Мұрат Өкшебаев бұрын да бір рет жауапкершілікке тартылған болатын. 2009 жылы оның үй қамағына алынғаны белгілі. Сол кезде оған метро құрылысына бағытталған 120 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалғандығы бойынша айып тағылған еді. Одан басқа, бұл іс бойынша оның бірнеше әріптесіне де айып тағылды. Бұл қаражат ерікті сақтандыруға жұмсалған. Одан басқа, қаржылық құжаттарды рәсімдеуде де қателіктер жіберілген. Дегенмен, көп ұзамай Өкшебаев өз қызметіне қайта оралған болатын.

Соңғы жаңалықтар