Алматыны исламдық қаржыландыру жүйесін қолданатын аймақтық қаржы орталығына айналдыру қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыны исламдық қаржыландыру жүйесін қолданатын аймақтық қаржы орталығына айналдыру қажет

Алматыны исламдық қаржыландыру жүйесін қолданатын аймақтық қаржы орталығына айналдыру қажет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ислам банкингіне байланысты халықаралық конференция ұйымдастырып, Алматыны исламдық қаржыландыру жүйесін қолданатын аймақтық қаржы орталығына айналдыруды ұсынды.

  • 28 Маусым 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы бұл ұсынысын бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында айтты.

Президент исламдық қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктеріне тоқтала кеел: «Әлемдік қаржы дағдарысы исламдық қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін көрсетті. Бұл ретте мұсылман үмметі ұсынуы мүмкін тиімді де пайдалы дүниелердің бірі — исламдық қаржы жүйесі болып табылады. Қазақстан өз жерінде ислам банкін ашты. Біз исламдық қаржыландыру жүйесі мен аймақта исламдық қаржы құралдарының бейч-маркингін құру мәселесін белсенді насихаттап жүрміз. Ислам әлемі өзінің ерекшеліктерін тиімді пайдалануы керек»,-деді.

Соңғы жаңалықтар