Бұл туралы ол «Attan qazaq» Youtube арнасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Күні кеше қайтыс болған Серік Боқан бұрын Қазақстанның сайттарында бір мақала жариялаған еді. «Бизнесі жоқ бизнесмен» деп. «Бизнесі жоқ бизнесмен» деп алаяқ Ахметбек Нұрсила деген Қазақстанда туып-өскен Шығыс Қазақстанның алаяғын айтады екен. Ахметбек Нұрсила кәдімгі найман. Ол бұрын «жылқы бизнесім бар, робот жасайтын бизнесім бар» дейтін. Ал енді бақсы-балгер болып ауылдың кемпірлерін жинап алып су шашып, ұшықтап жүр екен. Бұл қазақ ең соңында осындай алаяққа алданады. Ол Алматыны құртқан, кезінде Қытайды құртқан алаяқ», — деді Серікжан Біләш.
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила оның «алаяқ» дегеніне Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Америкада, қуғын-сүргінде жүрсе де үнемі мені ойлап жүреді, асыл бауырым», — деп жауап берді.