Алматыны қар басып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыны қар басып барады

Алматыны қар басып барады

Алматыға бейсенбі күні таңнан бастап толассыз жауған қардың қалыңдығы

  • 29 Қараша 2012
  • 300
Фото - Caravan.kz

қазірдің өзінде 3-5 сантиметрден асты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, коммуналдық мекемелер қардың тоқтағанын күтпестен көшелерді тазартуға кірісіп кетті.
«Коммуналдық мекемелер көктайғақ болмас үшін жолдарға 800 тонна құм-хлорид қоспасын шашып шықты. Алматы көшелерінде 510 адам мен 180 дана техника жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.
Қала көшелерін қардан тазарту жұмыстары әкімдіктің жіті бақылауында, деп жазады баспасөз қызметі.
Аудандар мен қала әкімдігінде қар аршу және оны сыртқа шығару жұмыстарының сапасын тәулік бойы қадағалайтын кезекші топтар құрылған.
Синоптиктердің болжамынша, қар жұма күні де толастай қоймайды.